Қазақстанда Мемлекеттік қызметшілер күні 23 маусымда аталып өтеді.

Қазақстанда Мемлекеттік қызметшілер күні 23 маусымда аталып өтеді.

Қазақстанда Мемлекеттік қызметшілер күні 23 маусымда аталып өтеді.Осы кәсіби мерекеге орай, сіздерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкері — Ибишева Камшат Қайыргелдинқызымен таныстырғымыз келеді.

Ибишева Камшат Қайыргелдинқызы 2004 жылы Ақмола мемлекеттік медицина академиясының орта медициналық білім факультетін «фармацевт» мамандығы бойынша бітірді, кейін 2018 жылы Омбы мемлекеттік медицина университетін «провизор» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2004 жылы Уәлиханов орталық аудандық ауруханасында фармацевт болып бастады.
2008 жылдың қазан айынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін Уәлиханов ауданы мен Петропавл қаласындағы жеке және мемлекеттік ұйымдарда фармацевт болып еңбек етті.

2019 жылдан бастап Камшат Қайыргелдинқызы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР ДСМ Фармация комитетінің департаментінде фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істей бастады. Кейін қайта ұйымдастыруға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне ауысып, қазіргі уақытқа дейін еңбек етіп келеді. Денсаулық сақтау жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі — 20 жылдан асады.

Ибишева Камшат Қайыргелдинқызы — адал және еңбекқор мемлекеттік қызметшінің үлгісі. Ол біздің департаментке жаңадан келген жас мамандарға үлгі бола алады.
Еңбек барысында өз функционалдық міндеттерін жақсы білетін, білікті маман екенін көрсете білді. Ол өз еңбек жолын аудандық деңгейде фармацевт қызметінен бастап, мемлекеттік қызметке дейін көтерілген.

2020 жылы Камшат Қайыргелдинқызы мінсіз әрі адал еңбегі, коронавирусқа қарсы күрестегі белсенді қатысуы және қосқан жеке үлесі үшін Департамент басшысының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Департамент атынан барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс пен жұмыста жаңа белестерді бағындыруларын тілейміз!