Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде (бұдан әрі – департамент) Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.
Салтанатты жиын барысында басқарма басшысы Батырхан Нұрлыбекұлы оны келе жатқан мерекемен құттықтап, жемісті еңбектері үшін әріптестеріне алғысын білдірді.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау саласына қосқан үлесі үшін департамент қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етілді.