
26 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Департаментіне Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Жанат Жеңісұлы Жұмабаев келіп, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кемсітудің алдын алу мәселелері бойынша дәріс өткізді.Өз сөзінде Жанат Жеңісұлы Қазақстанда ерлер мен әйелдердің құқықтарының теңдігі заңнамалық деңгейде қамтамасыз етілгенін және кемсітудің барлық түрлерін жоюға бағытталғанын атап өтті. Үкіметпен 2024–2027 жылдарға арналған ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді.Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің арнайы баяндамасы құқық қорғау тәжірибесін жетілдіру және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері жөнінде хабардарлықты арттыру жолында маңызды қадам болды. Баяндамада заңнамалық қорғау тетіктері, көмекке қайда жүгінуге болатыны және қауіпті жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, отбасылық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды.Іс-шара қорытындысында адам құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.
Департаментте қауіпсіз және этикалық тұрақты еңбек ортасын қалыптастыру бағытында жоспарлы жұмыс жалғасуда. Ұжымда кемсітудің кез келген түрінің алдын алу – басым бағыттардың бірі болып табылады. Бұл бағыттағы іс-шаралар өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыруға, барлық қызметкерлер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге және мемлекеттік қызметтің жоғары стандарттарын сақтауға бағытталған.Аталған жұмыстар аясында қызметтік әдепті сақтау және қызметкерлердің құқықтарының бұзылуына жол бермеу мәселелері бойынша семинарлар мен оқыту іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, қызметкерлерге қиын жағдай туындаған кезде этика жөніндегі уәкілге құпия түрде жүгінуге мүмкіндік беретін механизм іске қосылған.Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасатын болады.