Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2025 жылғы 16 мамырда Ашық есік күні өткізілгенін хабарлайды.
Іс-шараның мақсаты – халықты Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттандыруды арттыру, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету. Кездесу барысында қатысушыларға лицензиялау, медициналық және фармацевтикалық қызмет және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі бойынша кеңестер берілді.
Іс-шараға медициналық ұйымдардың өкілдері, фармацевтикалық компаниялар мен мүдделі азаматтар қатысты. Барлық жүгінулер қаралып, тиісті түсініктемелер мен ұсынымдар берілді