Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) туралы

Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының 5 Қосымшасының 1 тармағына сәйкес Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) (бұдан әрі – GPP Стандарт) Қазақстан Республикасы халқына фармацевтика қызметкерлерінің көрсететін фармацевтикалық қызметінің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, Стандарттың талаптарын және Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызмет көрсетудің сапасын басқару жүйесін ұйымдастыруды анықтайды. Осы Стандарт халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, оларға дәрілік заттар туралы нақты ақпарат беруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және аурудың алдын алуға, рецептуралық дәрілік препараттарды ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге, дәрілік препараттардың орын алған жағымсыз әсерлері туралы ақпаратты беруге және өзін өзі емдегенде көмек көрсетуге бағытталған.

    Бүгінгі таңда Шымкент қаласының аумағында ДЗ көтерме саудада өткізу субъектілері арасында  дәріхана қоймаларының жалпы санының 39%  ғана тиісті дәріханалықпрактика (GРP) стандартын енгізді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" № 202-V ҚРЗ Заңы (бұдан әрі-Заң) 35-баптың 2 - тармағына сәйкес  Оосы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған немесе лицензия электрондық нысанда ғана ресімделген жағдайларды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезде лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны он жұмыс күні ішінде лицензиарға қайтаруға міндетті.

Осылайша, жұмыс істемейтін объект (дәріхана) бойынша ДЗ бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияға қосымша болған жағдайда, Заңның 35-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Департаментке "Е-лицензиялау" www.elicense.kz , www.egov.kz веб-порталы арқылы жұмыс істемейтін мекенжай бойынша лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтатуға өтініш беру қажеттігін хабарлаймыз.

Жоғарыда баяндалған негізінде, Шымкент қаласының жұмыс істеп тұрған дәріханалары арасында фармацевтикалық инспекцияларды жоспарлау үшін, Департаментке тиісті дәріханалық практикасы стандартының (GРP) талаптарын сақтау туралы хабарламаларды, енгізу кезінде проблемалық мәселелерді, сондай-ақ GРP инспекцияларынан өтудің жоспарланған мерзімдерін көрсете отырып, жолдау қажеттігі туралы хабарлаймыз.