Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде медициналық бақылау бөлімінің бас маманы Таттибаева Анара Жакиповна Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінең «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Анара Жакиповна қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, мінсіз қызметі, Шымкент қаласының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан маман. Жұмыс барысында өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны және мінсіз қызметі үшін әріптестер арасында үлкен құрметке ие.
Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасындағы рөлі зор, өйткені мемлекеттік қызметшілер қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүзеге асырылатын мемлекет саясатының жолсеріктері болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысы мемлекет заң актілерінде айқындайтын құқықтық кеңістік шеңберінде азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер жоғары кәсібиліктің, адалдықтың, әділдіктің, қарапайымдылықтың эталоны болуға тиіс. Этика өркениетті қоғамның адамгершілік принциптерінің жиынтығы екенін есте ұстаған жөн.