Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасындағы рөлі зор, өйткені мемлекеттік қызметшілер қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүзеге асырылатын мемлекет саясатының жолсеріктері болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысы мемлекет заң актілерінде айқындайтын құқықтық кеңістік шеңберінде азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметті адал және лайықты атқарудың үлгісі болып табылатын мемлекеттік қызметшілер өз жұмыстарын жүзеге асырады.
Осындай қызметкерлердің бірі - Оспанов Абай Әбілқайырұлы-департаменттің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы, мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 16 жыл.
Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, мінсіз қызметі, жеке үлесі медициналық және фармацевтикалық қызметі, сондай-ақ, А.А.Оспанов Денсаулық сақтау саласындағы белсенді қызметі үшін. марапаттау түрінде көтермеленді: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» ҚР Президентінің құрмет медалі - 2016 ж., ОҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының атынан "Алғыс хаты " - 2018 ж.
Айта кету керек, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер жоғары кәсібиліктің, адалдықтың, әділдіктің, қарапайымдылықтың эталоны болуға тиіс.
Этика өркениетті қоғамның адамгершілік принциптерінің жиынтығы екенін есте ұстаған жөн.