Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті құзыреті шегінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Департаменттің Міндеттері:
1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларында іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
2) құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3) Өз құзыреті шегінде Департаментке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Департаменттің Функциялары:
10) Өз құзыреті шегінде медициналық және фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 8 түрін көрсетеді:
-«Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021818)
- «Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021818)
- «Денсаулық сақтау саласындағы менеджер» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021777)
- «Медициналық қызметке лицензия беру» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020809)
- «Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден ҚР аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру» (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021592);
- "Фармацевтикалық қызметке лицензия беру" (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020863#z258);
- " Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру"(https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020863#z258 );
- "ҚР-да тіркелген және тіркелмеген ДЗ және МИ әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500012096 );
Жоғарыда көрсетілген тармақтарға қатысты барлық мәселелер бойынша азаматтар Департаменттің консультативтік орталығына Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 82 мекенжайы бойынша жүгіне алады, тел.: 53-50-21, 9:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін).