
2026 жылдың 22 сәуірінде «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-да «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша бітіруші түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – түлектерді жұмысқа орналастыруға ықпал ету, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнату, сондай-ақ фармацевтика саласының кадрлық қажеттілігін қамтамасыз ету болды.
Іс-шараға ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінен, «ОҚО «Даму» Медициналық және фармацевтикалық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінен, «Belasar Pharmacy» ЖШС-інен, «Медсервис плюс» ЖШС Шымкент қ. филиалынан, «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС-інен арнайы өкілдер келді.
Жәрмеңкенің ашылуында «ОҚМА» АҚ клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры, профессор Нұрмашев Бекайдар Қалдыбайұлы құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол жас мамандарды жұмысқа орналастырудың маңыздылығын, олардың кәсіби қалыптасуы мен фармацевтикалық ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз етудің өзектілігін атап өтті.