
Денсаулық сақтау министрлігінің тарапынан дәрілік заттардың бағасын төмендету бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмысты жүзеге асыру шеңберінде 2025 жылдың 18 шілдесінде Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген 4 994 дәрілік заттардың шекті бағалары қайта қаралған.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тарапынан, Шымкент қаласындағы барлық фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілердің бағаларына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.
Бүгінгі таңға, Шымкент қаласында бірқатар дәрілік заттардың сатылымда бағалары төмендегені байқалады.
Атап айтқанда: «Байер» компаниясының компаниясы өндірген «Диане 35 драже» дәрілік затының бағасы 4 000тг.-ден 2 500тг. төмендеді. Сонымен қатар, жүрек жеткіліксіздігіне қолданылатын «Гриндэкс» компаниясының «Карвидил» дәрілік затының бағасы 2 500тг.-ден 1 200тг. дейін түсті.
Неврологияда қолданылатын «Софарма» компаниясының «Нейромидин» дәрілік затының бағасы 13 000тг.-ден 5 500тг.-ге дейін төмендегені анықталды.
Бұдан бөлек, «Аторис 20мг» дәрілік затының бағасы 3 892тг.-ден 1 675тг., «Милдронат 0,5мг/мл» дәрілік затының бағасы 9 063тг.-ден 4 366тг., «Супрастин 25мг» дәрілік затының бағасы 2 642тг.-ден 980тг., «Торбекс көзге арналған тамшы 0,3% 5мл» дәрілік затының бағасы 2 212тг.-ден 1 190тг., «Энап 5мг» дәрілік затының бағасы 958тг.-ден 580тг.төмендеген.
Осы ретте, елімізде «NAQTY ONYM» мобильды қосымшасы іске қосылған. Аталған жүйеде дәрілік заттардың қорабына басылған QR-кодты сканерлеу арқылы сатып алынған дәрілік заты туралы толық ақпаратпен, оның ішінде заңмен бекітілген шекті бағасымен танысу мүмкіндігі қарастырылған.
Мобильды қосымшада дәрілік заттарға қатысты ақпаратпен танысу барысында заңбұзышылық анықталған жағдайда, «NAQTY ONYM» платформасынан сілтеме арқылы «Е-өтініш» жүйесінде уәкілетті органға арыз шағым түсіру функциясы енгізілген.
Бұдан бөлек, заңбұзушылық орын алған жағдайда және дәрілік заттарға қатысты толық ақпарат алу үшін азаматтар тікелей ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінуіне болады.
Дәрілік заттардың айналымы саласындағы бұл өзгерістер бөлшек сауда желілеренде дәрілік заттардың шекті бағасынан асырып