Денсаулық сақтау салалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Денсаулық сақтау салалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

11.03.2026 жылы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент қызметкерлерінің қатысуымен ҚР ҰКП Атамекен Шымкент қаласының кәсіпкерлер палата алаңында жекеменшік фармация саласының өкілдерімен Денсаулық сақтау салалық кеңесінің отырысы өтті.

Жиында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.07.2019 жылғы № 470 «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы» қаулысымен және ҚР ДСМ 26.06.2023 жылғы № 120 «Адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін заттардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен күшті әсер ететін дәрілік заттардың бөлшек сауда саласында дәрігердің рецептінсіз босату және заңсыз айналымды алдын алу фактілері бойынша қылмыстық жауапкершілігі туралы сұрақтар қаралды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының салық кодексіне өзгерістер енгізу бойынша және еңбек заңнамасы талаптарын сақтау және жұмыс берушілердің жауапкершілігі туралы сұрақтар талқыланды.