
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің (әрі қарай – Кодекс) 233-бабының 3-тармағының: - «Дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарын сақтауға міндетті» - деген нормасы 2026 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енетінін хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» №ҚР ДСМ-15 бұйрығының 5 Қосымшасының 1-тармағына сәйкес, тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) (әрі қарай– GPP Стандарты) Қазақстан Республикасы халқына фармацевтика қызметкерлерімен көрсететін фармацевтикалық қызметінің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, GРP Стандарттың талаптарын және Қазақстан Республикасы халқына фармацевтикалық қызмет көрсетудің сапасын басқару жүйесін ұйымдастыруды анықтайды. GРP Стандарт халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, оларға дәрілік заттар туралы нақты ақпарат беруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және аурудың алдын алуға, рецептуралық дәрілік препараттарды ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге, дәрілік препараттардың орын алған жағымсыз әсерлері туралы ақпаратты беруге және өзін өзі емдегенде көмек көрсетуге бағытталған.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарының дәріханалары және дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу субъектілері арасында 46% GРP Стандартын енгізген.
Осыған байланысты, Департамент қаламыздың тұрғындарына жоғары сапалы, қауіпсіз қызмет көрсету мақсатында Кодекстің талаптарына сәйкес тиісті дәріханалық практика стандартың енгізу қажеттілігін хабарлайды.
Осы ретте, Департамент өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларға әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету шеңберінде тиісті фармацевтикалық стандарттарды, оның ішінде GРP Стандартын енгізу бойынша тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Бұдан бөлек, Департамент Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығымен әзірленген «Сапа жөніндегі басшылықтың» және «Стандартты операциялық рәсімдерді» жобаларын ұсына отырып, бұл құжаттар ақпараттық сипатқа ие және әр объектіге жеке бейімделуі қажеттігін ескереді