ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті ҚР ДСМ Медициналық және
фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) №25/2857-И
шығыс (№1598 кіріс) хатымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
2025 жылғы 29 тамыздағы №4/2025 келіп түскен ақпаратына сәйкес келесіні
хабарлайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық қадағалау және
мониторинг жүйесі, Аргентинада «FENTANILO HLB (фентанил цитраты),
0,05 мг/мл» дәрілік затының LABORATORIOS RAMALLO S.A., Аргентина
өндірушісі, сериялық нөмірі №31200, №31202, №31244, №31245, №31246,
№31247 сапасыз және ҚР тіркелмегені туралы хабарламалар тіркелген.
«Фентанил цитраты» дәрілік заты инъекциялық – хирургиялық
операциялар кезінде және кейін ауырсынуды басу үшін қолданылатын
опиоидты анальгетик, сонымен бірге, аталған дәрілік заттың жасанды тыныс
алдыру аппаратында жатқан пациенттердің тыныс алу жиілігін төмендету
үшін және созылмалы аурулары бар пациенттердегі күшті ауырсыну
синдромын басу үшін қолданады.
Осы ретте, үшінші мекен-жайға, «FENTANILO HLB (фентанил
цитраты), 0,05 мг/мл» дәрілік затының LABORATORIOS RAMALLO S.A.,
Аргентина өндірушісі, №31200, №31202, №31244, №31245, №31246,
№31247 сериалары бар болған жағдайда субъект тиісті ақпаратты
Департаментке ( shym.dkmfk@dsm.gov.kz ) жолдану қажеттілігін хабарлайды.
Бірінші және екінші мекенжайға, жоғарыда көрсетілген ақпаратты
медициналық және фармацевтикалық субъектілірге жеткізу мақсатында
жолданады.