Субъектілерге GDP қатысты

Субъектілерге GDP қатысты

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің

Шымкент қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) келесіні

хабарлайды.

ҚР     07.07.2020   жылғы«Халық   денсаулығы   және   денсаулық   сақтау

жүйесі   туралы»   №   360-VI   ҚРЗ   Кодексінің  (бұдан   әрі   -   Кодекс)  233-

бабының 3-тармағына  сәйкес, дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуді

жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы

саласындағы   субъектілер   тиісті   дистрибьюторлық   практика   (GDP)

талаптарын сақтауға міндетті.

 ҚР ДСМ 17.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-104/2020 «Дәрілік заттар мен

медициналық   бұйымдарды   көтерме   және   бөлшек   саудада   өткізу

қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі - №ҚР ДСМ-104/2020

Бұйрығы)  2-тарау 8-тармағы 10-тармақшасының  талаптарына сәйкес:  -

«Дәрілік   заттар   көтерме   саудасы   «Тиісті   фармацевтикалық

практикаларды   бекіту   туралы»   Қазақстан   Республикасы   Денсаулық

сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 4 ақпандағы

№ ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді

мемлекеттік   тіркеу   тізілімінде   №   22167   болып   тіркелген)   тиісті

дистрибьюторлық   практика   (GDP)   талаптарын   сақтала   отырып

жүзеге асырылады».

Осы ретте, дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын

дәрілік   заттар   мен   медициналық   бұйымдардың   айналысы   саласындағы

субъектілер тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарын енгізбей

қызмет атқару  №ҚР  ДСМ-104/2020 Бұйрығының  талаптарын бұзу болып

табылады және бұл кемшілік орын алған үшін  үшін ҚР 05.07.2014 жылғы

№235-V   ҚРЗ  «Әкімшілік   құқық   бұзушылық   туралы»   Кодексінің    426-

бабының   1-бөлігі  бойынша   әкімшілік   жауапкершілік   қарастырылған:   -

«Дәрiлiк заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеу және қайта тіркеу,

өндiру, дайындау және олардың сапасын бақылау, сынау (зерттеу), әкелу,

сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, дәрілік заттарға белгіленген

шекті   бағаларды   асырып   жіберуді   қоса   алғанда,   өткізу   қағидаларын,

сондай-ақ   қолдану   (пайдалану),   қамтамасыз   ету,   жою,   жарнамалау

қағидаларын   бұзу,   егер   бұл   адамның   денсаулығына   зиян   келтiруге   алып

келмесе, –     жеке тұлғаларға – жетпіс, лауазымды адамдарға – бір жүз,

шағын   кәсіпкерлік   субъектілеріне   –   бір   жүз   отыз,   орта   кәсіпкерлік

субъектілеріне   –   екі   жүз,   ірі   кәсіпкерлік   субъектілеріне   бір   мың   айлық

есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді».

Бүгінгі   таңда   Шымкент   қаласының   аумағында   дәрілік   заттарды

көтерме   саудада   өткізу   субъектілері   арасында     дәріхана   қоймаларының

жалпы санының 70% тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) стандарттарын

енгізген.

Жоғарыда   көрсетілгеннің   негізінде,  Департамент  2025   жылдың

аяғына дейін өткізілетін GDP фармацевтикалық инспекциялардың кестесіне

енгізу   мақсатында  тиісті   дистрибьюторлық   практикасы   стандарттарына

сәйкестігі бойынша инспекциялау жүргізуге  ҚР ДСМ Медициналық және

фармацевтикалық   бақылау   комитетіне  өтініш  жолдау   қажеттігі   туралы

хабарлайды.