Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 5 маусымнан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғанын хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы және талдау объектісінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар болған жағдайда, ақпаратты келесі электрондық пошта мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз: medfarm.pvl@dsm.gov.kz. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.

Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.