Павлодар облысында дәрілік қамтамасыз ету тұрақты

Павлодар облысында дәрілік қамтамасыз ету тұрақты

Сезондық респираторлық вирустық инфекциялар өршіген кезеңде Департамент дистрибьюторлардың көтерме қоймаларында және Павлодар облысының аптектерінде дәрілік заттардың болуына тұрақты түрде талдау жүргізеді. Талдау нәтижелері дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік түрлерде және түрлі бағалық диапазонда жеткілікті көлемде бар екенін көрсетеді. Бұл – рецептісіз берілетін қызу түсіретін препараттар, жергілікті антисептиктер, қақырық түсіретін және қақырықты сұйылтатын дәрілер, иммунитетті көтеретін препараттар. Тынымсыз сұраныс байқалмайды, алайда облыста ОРВИ және тұмау емдеу хаттамасына енгізілген осельтамивир препаратына сұраныс артқан. Бұл дәрі тек дәрігердің рецепті бойынша берілетін және өзіндік емдеуге жатпайтын препарат болып табылады.
Сонымен қатар, рецептімен берілетін дәрілік заттарды рецептісіз сату әкімшілік құқықбұзушылық болып саналады. Ағымдағы кезеңде Департамент тарапынан дәріхана мамандарына қатысты рецептісіз дәрі беру фактілері бойынша 6 әкімшілік іс қозғалды.
Департамент ауру белгілері байқалған кезде, әсіресе балалар мен жүкті әйелдерде, ең алдымен дәрігерге жүгінуді ескертеді. Диагнозды қойып, қажетті емді тек дәрігер тағайындай алады. Антибиотиктерді қолдану тек нақты негіз болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Өзіндік ем қабылдау аурудың асқынуына, бактериялар мен микроорганизмдердің дәріге төзімділігінің дамуына әкелуі мүмкін.