
Пациент қауіпсіздігі күні: денсаулыққа қамқорлық өзімізден басталады
17 қыркүйек – Пациент қауіпсіздігінің дүниежүзілік күні. Бұл күн – денсаулық сақтау жүйесіндегі қауіпсіздік әрқайсымыздан басталатынын еске салады.
🔹Қазақстанда медициналық көмектің сапасын және дәрілік заттардың айналымын бақылаудың мемлекеттік тетіктері бар, алайда пациенттің жеке жауапкершілігі де аса маңызды.
🔹Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын әлем бойынша миллиондаған пациентке келтірілетін зиянның алдын алуға болатынын атап көрсетеді.
🔹Бұған халықтың хабардарлығын арттыру, алдын алу шараларын жүргізу және азаматтардың өз денсаулығына белсенді қатысуы арқылы қол жеткізуге болады.
Осы маңызды күні әр адам өз денсаулығының қауіпсіздігі үшін ұстануы тиіс негізгі қағидаларды еске саламыз.