Ағымдағы жылдың 26 мамыр күні «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Аталған отырыста Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Мұхамбетярова дәрі-дәрмектердің шекті бағасының өсуіне байланысты 2022 жыл мен 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытынды баяндамасын жасады.
Сонымен қатар, департамент басшысы тақырып аясында кеңес мүшелері тарапынан қойылған өзге де сұрақтарға жауап берді.