Қазақстан Республикасында азаматтардың жекелеген санаттары мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында қолданыстағы заңнамаға сәйкес дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен тегін қамтамасыз етіледі.

Тегін дәрілік қамтамасыз етуге кімдер құқылы?
Амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік қамтамасыз ету диспансерлік есепте тұрған және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығымен бекітілген тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне енгізілген аурулары (жай-күйлері) бар пациенттерге ұсынылады.

Тегін дәрілік препараттарды алу тәртібі

учаскелік дәрігерге немесе бейінді маманға жүгіну;

қажетті тексерулерден өтіп, тиісті ем тағайындауын алу;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығымен бекітілген рецептілерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларына сәйкес рәсімделген рецепт алу;

ТМККК және МӘМС жүйесіне қатысатын дәріхана ұйымынан немесе заңнамада көзделген жағдайларда медициналық ұйымнан дәрілік заттарды алу.

Назар аударыңыз
• Дәрілік заттар медициналық көрсетілімдер болған және дәрігердің рецептісі негізінде тегін беріледі;
• Препараттарды тағайындау бекітілген клиникалық хаттамалар мен дәрілік қамтамасыз ету тізбелеріне сәйкес жүзеге асырылады;
• Дәріхана ұйымдары жоқ шалғай елді мекендерде дәрілік заттарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар арқылы беру қарастырылған;
• ТМККК шеңберінде берілетін барлық дәрілік заттар пациенттерге өтеусіз негізде ұсынылады.
Азаматтардың денсаулығын сақтау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Қажетті дәрілік заттарды уақтылы алу емнің тиімділігін арттыруға және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.