⚜️ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті тарапынан дәріханалық ұйымдарға медикаментоздық түсік жасауға арналған дәрілік заттардың қозғалысы бойынша мониторинг жүргізілді.

Мониторинг нәтижесінде аталған дәрілік заттарды сатып алған дәріханалық ұйымдардың айналымы зерделеніп, анықталған дәріханаларға хабарламалар жолданып, тиісті шаралар қабылданды.
Сонымен қатар, дәріханалық ұйымдармен жиналыс өткізіліп, рецепт арқылы босатылатын дәрілік заттарды заң талаптарына сәйкес босату тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.✅