Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылғы қорытынды алқа отырысы өтті

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылғы қорытынды алқа отырысы өтті
Алқа отырысына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, Облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы Б.Ізбасаров, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы Н.Мухамбетярова, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы М.Сербаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы басшысы А.Рахымов, «СК-Фармация» ЖШС өкілдері, сондай-ақ медициналық ұйымдардың басшылары қатысты.
 
Жиын барысында 2025 жылы өңірдің денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыс алдағы жоспарлар сараланды. Саланың медициналық-демографиялық көрсеткіштері, инфрақұрылымды дамыту, кадрлық әлеуетті нығайту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жүзеге асырылған жұмыстар баяндалды.
Сонымен қатар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды таңбалау және қадағалау жүйесі талқыланды.