
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т. Жұмағұлов ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс барысына Маңғыстау облыстық шахмат федерациясы басшысы мен қызметкерлері төрелік етті.
Жарыс нәтижесі бойынша мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы Жаушыбай Д.Ж. 1/4 финалға жолдама алды.
Әріптесімізге финалда сәттілік тілейміз!