Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Күшті әсер ететін дәрілік заттарды өткізу және рецепт жазу талаптарын сақтау міндетті!
Назар аударыңыз:
- Дәрігер рецептісімен босатылатын дәрілік заттарды рецептісіз өткізуге тыйым салынады (Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, 233-бап, 5-тармақ)
- Рецепттер қағаз немесе электрондық түрде №078/у нысаны бойынша жазылады (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «№ 078/у нысаны бойынша қағаз және (немесе) электрондық рецепттерді жазу тәртібін бекіту туралы» бұйрығы)
- Құрамында есірткі, психотроптық және күшті әсер ететін заттар бар дәрілерге берілген рецепттер рецепт берілген сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жарамды (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, 2-тарау, 25-тармақ)
Жауапкершілік:
- Мұндай заттарды өндіру, дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету, жөнелту немесе жою қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекетті аталған қағидаларды сақтау міндетіне кіретін адам жасаса, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады
(Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі, 2014 жылғы 3 шілде № 226-V, 303-бап, 1-тармақ)
- Дәрілік заттарды өткізу және рецепт жазу талаптарын бұзу әкімшілік айыппұлға әкеп соғады, ал қайталап бұзған жағдайда – денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыруы мүмкін (Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексі, 2014 жылғы 5 шілде № 235-V, 82-бап, 1–2 тармақ)
Мөлшерлері:
- Бірінші бұзушылық: жеке тұлғалар – 5 АЕК, лауазымды тұлғалар – 10 АЕК
- Қайталанған жағдайда (бір жыл ішінде): жеке тұлғалар – 10 АЕК, лауазымды тұлғалар – 20 АЕК
Қатаң сақтау міндетті!