ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында вице-министр өңірдегі бірқатар медициналық ұйымдардың жұмысымен танысып, денсаулық сақтау саласының даму барысын бағамдады.
 
Сапар аясында Тимур Мұратұлы облыстық онкологиялық диспансерге арнайы барып, мекеменің қызметімен жан-жақты танысты. Кездесу барысында орталықтың материалдық-техникалық базасы, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуы, науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы, сондай-ақ онкологиялық қызметті жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
 
Жұмыс сапары өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.