Фармацевтикалық сала өкілдерімен семинар-кеңес өтті

Фармацевтикалық сала өкілдерімен семинар-кеңес өтті

10 ақпан күні Ақтау қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мамандары, облыстық фармацевтикалық қауымдастық және Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Кездесу барысында:

дәрілік заттардың шекті бағалары және 2026 жылғы салықтық өзгерістер;

дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу;

рецептімен босатылатын дәрілік заттарды өткізу тәртібі;

тіркелмеген дәрілік заттарға қатысты заңнама талаптары қаралды.

дәріханалардың мемлекеттік органмен өзара іс-қимылының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті.

Дәріханалық ұйымдарының өкілдерінің сұрақтарына жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Семинар қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Жиналыс хаттамасы рәсімделді.