Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығымен бекітілген Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығымен бекітілген Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

 

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022143
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 6 бұйрығымен (бұдан әрі – бұйрық) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығымен бекітілген Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. Қазіргі таңда Бұйрық Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық актілердің эталонды бақылау банкісінде электрондық түрде 2025 жылғы 4 ақпанда жарияланды. Бұл ретте Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықпен мынадай өзгерістер енгізілді:
- бөлек тармақтармен фармацевтикалық инспекцияларды жоспарлы және жоспардан тыс жүргізу жағдайлары реттелген;
- инспекциялау субъектісіне бағдарламаны жоспардан тыс жолдау
мерзімі 1 күнге дейін қысқартылды;
- инспекция нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер туралы хаттама
жасау талабы алынып тасталды;
- анықталған сәйкессіздіктер инспекцияланатын субъектінің жауапты
тұлғаларымен қорытынды кеңесте инспекциялау нәтижелері жарияланады;
- сыни сәйкессіздіктер анықталған кезде инспекциялау
субъектісімен түзету және алдын алу іс-қимылдарының жоспары және оның орындалуы туралы есебі жасылынады.