ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бұйрығымен Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департменті басшысының орынбасары болып ЕРЛАН ТӨЛЕПБЕРГЕН тағайындалды.
Ерлан Төлепберген 1993 жылы Шымкент қаласында туған.
2016 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясын (фармация), мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2016 жылы Шымкент қаласының "Медсервис плюс" ЖШС-інде қойма провизоры болып бастаған.
2018 жылы - Шымкент қаласы "Стофарм" ЖШС Шымкент филиалының дәріхана қоймасының бақылаушысы.
2018 жылы - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау, мемлекеттік қызметтер және фармацевтикалық инспекторат бөлімінің бас маманының м.а.
2018-2019 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау, мемлекеттік қызметтер және фармацевтикалық инспекторат бөлімінің бас маманы.
2019- 2024 жылы - Түркістан облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау, мемлекеттік қызметтер және фармацевтикалық инспекторат бөлімінің бас маманы.
2024-2025 жылдары –ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы.
2025 жылы-.ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды.