САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК – САЛАУАТТЫ ҰЛТ КЕПІЛІ»

САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК – САЛАУАТТЫ ҰЛТ КЕПІЛІ»

САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК – САЛАУАТТЫ ҰЛТ КЕПІЛІ»

Маңғыстау облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының ұйымдастыруымен көпшілік тыңдау өтті. Басты мақсат – өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, ашық диалог орнату.

Іс-шара барысында облыс деңгейіндегі медициналық ұйым өкілдері тұрғындарды қабылдау өткізді. Өңір бойынша емдеу мекемелерінің жетекші мамандары мен бас дәрігерлері халыққа тегін кеңес беріп, денсаулыққа қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді.

Көпшілік тыңдауда облыстық денсаулық сақтау басқармасы, МО МӘМС филиалы және МО Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшылары сөз алып, атқарылған жұмыстарды баяндап, жоспарлармен бөлісті. Медициналық бақылау және қадағалау аясында, өңірдегі емшара кабинеттеріне мониторинг жасауға, қоғам белменділері мен Қоғамдық Кеңес мүшелерінен қолдау көрсетуді сұрау салды. Қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, бірқатар маңызды сауалдар қойылды.

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірімізде медициналық қызметтің сапасын арттыруға, оның халыққа қолжетімді болуына басымдық беріліп отыр. Соңғы жылдары ана мен бала денсаулығын қорғау, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейту, онкологиялық қызметті дамыту бағытында бірқатар ауқымды жобалар іске асуда. Біз медициналық көмектің сапасы мен ашықтығын арттыру үшін халықпен жиі кездесіп, пікірлерін ескереміз. Жиында айтылған ұсыныстар мен ескертпелер міндетті түрде назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады,- деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев.

Айта кетейік, бұл кездесу – тұрғындардың денсаулық сақтау саласына деген сенімін арттыру жолындағы маңызды қадам. Жиын соңында Пания Оңалбайқызы Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттары атынан көпшілікке үндеу жариялады.