
Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызметкерлер көрсететін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
GPP стандарты бағытталған:
-халықты сапалы, қауіпсіз, қолжетімді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге,
- пациентке дәрілік препарат туралы сенімді ақпарат беруге,
- салауатты өмір салтын насихаттауға және аурулардың алдын алуға,
- рецептуралық ДЗ ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге және орын алған ДЗ жанама әсерлері туралы ақпарат беруге,
- егер ол өзін-өзі емдеу әдісін қолдануды шешсе, халыққа көмек көрсетуге.
GPP талаптарына сәйкестігі сертификатының қолданылу мерзімі-5 жыл (алғашқы екі рет бес жылға беріледі, кейіннен расталған кезде көрсетілген сертификат мерзімсіз болып саналады)