14 тамыз күні Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Мұхамбетярова облыс әкімдігі жанындағы қоғамдық коммуникация орталығында тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап берді.

14 тамыз күні Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Мұхамбетярова облыс әкімдігі жанындағы қоғамдық коммуникация орталығында тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап берді.

Эфирде, спикер, халықтың медициналық қызметтердің сапасына және қолжетімділігіне қанағаттануының жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін, меншік нысанына қарамастан әрбір медициналық ұйымда пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыруды кұшейтуді, мамандардың біліктілігін арттыру бойынша үздіксіз оқытуды тұрақты негізде жүргізуді бақылауға алынғаны туралы айтылды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіру бойынша қабылданған заң бойынша, соның ішінде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласында қадағалау функциясы мен жедел ден қою шаралары көзделгенін атап өтті.

Департаменттің қадағалау функциясы өрескел бұзушылықтар мен заңсыз медициналық қызметке ұзақ келісімдерсіз және сотқа жүгінбей жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Бұл бұзушылықтарға уақытылы ден қоюға, медициналық көмек көрсету кезіндегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге, пациенттерді қорғауға және денсаулық сақтау саласындағы бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Департамент тарапынан мемлекеттік бақылау шеңберінде, тиісті лицензияларсыз, медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін өрескел бұзушылықпен атқарылған заңсыз медициналық қызмет жағдайларын анықтауда.