ЖК «Жантлесова Ф.К» және «Ирбис Транс Ситем» ЖШС дәріханаларына GPP стандартына сай екендігіне сертификаттар берілді

ЖК «Жантлесова Ф.К» және «Ирбис Транс Ситем» ЖШС дәріханаларына GPP стандартына сай екендігіне сертификаттар берілді

Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызметкерлер көрсететін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

GPP стандарты бағытталған:

-халықты сапалы, қауіпсіз, қолжетімді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге,

- пациентке дәрілік препарат туралы сенімді ақпарат беруге,

- салауатты өмір салтын насихаттауға және аурулардың алдын алуға,

- рецептуралық ДЗ ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге және орын алған ДЗ жанама әсерлері туралы ақпарат беруге,

- егер ол өзін-өзі емдеу әдісін қолдануды шешсе, халыққа көмек көрсетуге.

GPP талаптарына сәйкестігі сертификатының қолданылу мерзімі-5 жыл (алғашқы екі рет бес жылға беріледі, кейіннен расталған кезде көрсетілген сертификат мерзімсіз болып саналады).