Ағымдағы жылдың 28 шілде күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінде "Ашық есік күні" акциясы өтті.

Ағымдағы жылдың 28 шілде күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінде "Ашық есік күні" акциясы өтті.

Іс-шараның мақсаты — азаматтарды дәрілік заттардың айналымы саласындағы және мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар ету.

Іс-шара барысында азаматтардың қойған сұрақтарына департамент мамандары тарапынан толық жауаптар мен кеңестер берілді. Сұрақтардың басым бөлігі мемлекеттік қызметтерге қатысты болды. Атап айтқанда, «медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия беру», «клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру», «дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы маман сертификатын беру», сондай-ақ «Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» тақырыптар қозғалды.

Сонымен қатар, GPP фармацевтикалық практикасын енгізудің артықшылықтары мен ерекшеліктері бойынша түсініктемелер берілді.

Аталған шара алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.