Сапарын облыстық қан орталығы аумағындағы екпелер қоймасынан бастады. Онда өңірдің вакцинамен қамтылуы және олардың сақталу жағдайымен танысып, қоймаға күрделі жөндеу жүргізу жөнінде ұсыныстар берді.
Одан кейін министр облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының жаңа ғимаратының құрылысы барысымен танысып, нысанды осы жылдың соңына дейін аяқтау қажеттігін атап өтті.
Сапар аясында министр облыстық әкімдікке барып, облыс әкімі Нұрдаулет Қилыбаймен мектептер мен білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын енгізу мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Содан соң А. Әльназарова мен Н. Қилыбай Мұнайлы ауданындағы 150 орындық жаңа «Мұнайлы аудандық ауруханасының» салтанатты ашылуына қатысты.
Министр сондай-ақ Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жұмысымен танысып, медициналық қызметкерлермен сұхбаттасты.
Іссапар соңында министр Маңғыстау ауданына барып, халықпен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау өткізді.