⚜️Маңғыстау облысы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамалық тапсырмасына орай, жергілікті жерлерде азаматтарды қабылдау бойынша жұмысты жандандыру шеңберінде 2022 жылғы 22 мамырда «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өткізілді.✅ Аталған шараға қабылдауға жүгінген азаматтардың мәселелерін сапалы қарастырып, толық жүйелі кеңес беру мақсатында Департамент басшысы Н.Мұхамбетярова, медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлім басшысы Ә. Нұрқуат қатысты. Тұрғындармен кездесу барысында, сапалы медициналық көмек алу, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірқатар сұрақтарға жауап берілді. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.
