Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

2025 жылдың 19 наурыз күні Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Жақсылық Жанерке Алмасқызының 2025 жылғы үлгілік жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызының қатысуымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын баяндалды.
Сонымен қатар, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі туралы айтылып, соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.