Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл жөніндегі 2021 жылға арналған іс–шаралар жоспарын орындау мақсатында, Департамент басшысының міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 қазандағы №57–НҚ бұйрығымен құрылған келесі жұмысшы топпен Департаменттің 5 құрылымдық бөлімшесі (1) медициналық қызметті жоспардан тыс бақылау бөлімі, 2) медициналық қызметті профилактикалық бақылау бөлімі, 3) медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімі, 4) фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімі, 5) фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу бөлімі) мен персоналды басқару қызметінің 2021 жылдың қаңтар–қыркүйек айлары аралығында атқарған жұмыстарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2021 жылдың қазан айының 19–ы мен 22–сі аралығында жүргізілді.
Қағидалар талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Галима Жаксылыковна Азироваға жүктелген.
І. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығына 11–қосымшасымен бекітілген Департамент ережесіне сәйкес, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің негізгі міндеттері құзыреті шегінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы салаларында мемлекеттік саясатты іске және бақылау–қадағалау асыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Департаменттің 5 құрылымдық бөлімшесі мен персоналды басқару қызметі өз жұмысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шiлдедегi №360–VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» 2015 жылғы 29 қазандағы №375–V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы №350–VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі №235–V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы №414–V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410–V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416–V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88–V Қазақстан Республикасының Заңын, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы №202–V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) және басқа да нормативтік–құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Талдау барысында Департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелер мен мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтары сараланды.
Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен ережелер анықталған жоқ.
ІІ. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық–басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Департаменттің 5 құрылымдық бөлімшесі мен персоналды басқару қызметінің штаттық кестесі бойынша 21 бірлік қарастырылған, 01.10.2021 жылғы бойынша, нақты саны – 12 бірлік және бос орын – 6 бірлік.
2021 жылдың қаңтар–қыркүйек аралығында 7 қызметші өз еркімен жұмыстан шыққан, сәйкесінше таза ауысым 50% құрайды.
2021 жылдың қаңтар–қыркүйек аралығында 4 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауаптылыққа тартылған.
2021 жылдың қаңтар–қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының ұсынуы негізінде 4 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
Барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулермен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларымен) танысқан.
Мемлекеттік қызметке алғаш кірген қызметшілер«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігі тұрғысынан ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін арнаулы тексерудің оң нәтижелерін алған.
Мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары (зайыптары) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны мемлекеттік кіріс органдарына уақытылы тапсырған.
Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай–ақ құрылымдық бөлімше қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыс үнемі жүргізіледі.
Жақын туыстары (ата–анасы, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата–анасы бір және ата–анасы бөлек аға–інілері мен апа–сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде аффилиирлену фактілері анықталған жоқ.
Талдау барысында Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Департаменттің құрылымдық бөлімшелері қызметінде сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн бекiту туралы» 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығына сәйкес, Департаменттің құрылымдық бөлімшелері төмендегі 8 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртіптері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 маусымдағы № ҚР ДСМ–65/2020, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ–237/2020, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ–274/2020 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ–59/2020, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ–177/2020 бұйрықтармен бекітілген.
Жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлығы (100%) электронды түрде (www.elicense.kz арқылы) көрсетіледі.
2021 жылдың 9 айлығында аталған мемлекеттік қызметтер бойынша Департаментпен заңды және жеке тұлғалардың өтініштері негізінде 2708, мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде берілгені – 2292, дәлелді түрде бас тартылғаны – 416.
Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қатысты шағымдар тіркелген жоқ.
2021 жылдың 9 айында Департамент мемлекеттік қызметкершілері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтпеген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 26.07.2021–13.08.2021 жылдар аралығында Департаментте тексерілетін субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілген. Субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау 05.10.2020–11.08.2021 жылдар аралығында көрсетілген мемлекеттік қызметтерді қамтыған.
Профилактикалық бақылау нәтижесімен 2 өрескел, 1 елеулі бұзушылық анықталып, Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілген.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен Департамент басшысының міндетін уақытша атқарушы Г.Ж.Азироваға қатысты ҚР ӘҚБтК–тің 465–бабының 2–бөлігімен 2 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 87 510,00 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл өндірілген.
Сонымен қатар, Департаменттің медициналық қызметті лицензиялау және сертификаттау бөлімінің басшысы Сатмагамбетова Айгерім Ауесхановнаға жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылған.
2021 жылдың 9 айында Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен 294 рұқсаттық бақылау жүргізіліп, оның ішінде рұқсаттық бақылау нәтижелері бойынша рұқсат құжатын беру көрсеткіші 272 немесе 92,5% құраған.
2021 жылдың 9 айында Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында 385 тексеру жүргізген.
Тексеру нәтижелері бойынша 19 материал құқық қорғау органдарына құқық бағалау жүргізу үшін жолданған. Жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша және құқық қорғау органдарының жіберген материалдарының негізінде жалпы сомасы 3 449 352,50 теңгеге 56 әкімшілік хаттама толтырумен әкімшілік істер қозғалған. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің мамандарының қатысуымен Тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестікке 3 фармацевтикалық инспекция, Тиісті дәріханалық практика (GРP) талаптарына сәйкестікке 3 фармацевтикалық инспекция жүргізілген.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 30 және 52-баптарына сәйкес, медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы салаларында мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылау жүргізу нысанында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 137-бабының 5-тармағына сәйкес, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттарын, құралдарын, оларды жүргізу тәсілдерін, субъектілерінің тізбесін, жүргізу жиілігін, есепке алу тәсілін міндетті түрде көрсете отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі айқындалады.
Департаменттің құрылымдық бөлімшелері регламенттейтін нормативтік құқықтық актінің болмауына байланысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүзеге асыра алмауда.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 26.07.2021–13.08.2021 жылдар аралығында Департаментте тексерілетін субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілген. Субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау 05.10.2020–11.08.2021 жылдар аралығында көрсетілген мемлекеттік қызметтерді қамтыған.
Профилактикалық бақылау нәтижесімен 2 өрескел, 1 елеулі бұзушылық анықталып, Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілген.
Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізілді. Талдау кезеңінде жағымсыз материалдар анықталған жоқ.
2021 жылдың 9 айында Департаменттің құрылымдық бөлімшелері 227 өтініш келіп түсті, оның 131-і қаралған, 16-сы қаралуда.
Өтініштерді қарау мерзімін бұзу бойынша 1 факті тіркелген. Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының ұсынуы негізінде 1 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауаптылыққа тартылған.
2021 жылдың 9 айында Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасынан 6 ұсыну келіп-түсті:
2021 жылдың 9 айында Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне қатысты сот актілері қаралмады.
Құрылымдық бөлімшелер мен персоналды басқару қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің анықталмағанын көрсетті.
Ұсынымдар: