Антибиотиктерді ұтымды пайдаланыңыз!

Антибиотиктерді ұтымды пайдаланыңыз!
Антибиотиктер – бактериялық инфекцияларды емдеуге арналған дәрілік препараттар. Олар вирустық инфекцияларға, соның ішінде тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекцияларға (ЖРВИ) әсер етпейді.
⚠️ Антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз қабылдау:
🔹 антибиотиктерге төзімділіктің (антимикробтық резистенттіліктің) қалыптасуына;
🔹 емнің тиімділігінің төмендеуіне;
🔹 аллергиялық реакциялар мен басқа да жағымсыз әсерлердің туындауына әкелуі мүмкін.
Есте сақтаңыз:
✅ Антибиотиктерді тек дәрігердің тағайындауымен қабылдаңыз.
✅ Дәрілік препаратты ұсынылған дозада және белгіленген мерзімде қолданыңыз.
✅ Емдеу курсын өз бетінше тоқтатпаңыз.
✅ Антибиотиктерді өзге адамдарға ұсынбаңыз және қалдық препараттарды кейін қолданбаңыз.
Антибиотиктерді ұтымды пайдалану – әрбір азаматтың денсаулығы мен қоғамның қауіпсіздігіне қосқан үлесі!
Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз!