
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.
Іс-шара барысында Қызылорда облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Сәкен Алдашбаев терроризм мен экстремизм идеологиясының алдын алу, дәстүрлі емес діни ағымдардың теріс ықпалынан сақтану, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қатысушылар өзекті сұрақтарға жауап алып, діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы талқыланды.