Ашық есік күні аясында азаматтарды қабылдау өткізілді

Ашық есік күні аясында азаматтарды қабылдау өткізілді

Ашық есік күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.

Іс-шара барысында келушілер медициналық және фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау, медициналық қызметті лицензиялау және мамандарды сертификаттау, сондай-ақ фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты өзекті сұрақтарын қойды.

Департамент мамандары азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер беріп, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, лицензиялау талаптары, медициналық және фармацевтикалық қызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттері жөнінде кеңес берді.

Ашық есік күні тұрғындармен кері байланысты нығайтуға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталды.