
AMANAT партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкілі Жақсылық Жанерке Алмасқызы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар фармацевтикалық қызметке лицензия алу, медициналық қызметті жүзеге асыру және салаға қатысты өзге де мәселелерін көтерді.
Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері тыңдалып, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.