📢 Денсаулық сақтау министрінің мәлімдемесі

📢 Денсаулық сақтау министрінің мәлімдемесі

Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы тарихи ең жоғары деңгейге — 75,97 жасқа жетті. Бұл – тәуелсіздік жылдарындағы ең үздік көрсеткіш.

Соңғы онжылдықтарда елімізде халық денсаулығын нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Нәтижесінде орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа артты.

COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі уақытша төмендеуге қарамастан, бүгінгі таңда оң динамика қалыптасып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ДДҰ-ның Еуропалық өңірінде инфекциялық емес аурулардан болатын өлім-жітімді 25%-ға төмендеткен елдердің қатарына енді.

Бұл жетістіктер – медицина қызметкерлерінің кәсіби еңбегі мен денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуының нәтижесі.

🔹Министрдің бастамаларын қолдай отырып, халық денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жалғастырамыз.

Әрбір азаматты өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.