МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСУЫМЕН «РЕЦЕПТТЕРДІ ЖАЗЫП БЕРУ, ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ САҚТАУ ҚАҒИДАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАЛЫС ӨТТІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСУЫМЕН «РЕЦЕПТТЕРДІ ЖАЗЫП БЕРУ, ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ САҚТАУ ҚАҒИДАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАЛЫС ӨТТІ

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Ж.А. Жақсылықтың төрағалығымен және қалалық Медициналық ұйымдарының өкілдері қатысуымен және аудандық Емхана өкілдерінің ZOOM ақпараттық платформасында онлайн қатысуымен «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидалары» тақырыбында жиналыс өтті.

Жиналыс барысында медициналық ұйымдарда дәрілік заттарға рецепттерді жазып беру, рецепттердің дұрыс рәсімделуі, белгіленген нысанға сәйкестігі, міндетті деректемелерінің толық әрі нақты толтырылуы, сондай-ақ рецептерді медициналық ақпараттық жүйелерге уақытылы және дұрыс енгізілу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қоса, рецепттер жайлы бірқатар мәселелер талқыланып, қатысушылар сұрақтарына жауап берілді.