
Температуралық ауытқу аймақтарын тестілеу (картирование) – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау кезінде температуралық режим мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығының нормативтік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етудің міндетті шарасы.
Аталған талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы №ҚР ДСМ-19 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) регламенттелген.
Бұйрықтың 16-тармағына сәйкес, Сақтау үй-жайларында, оның ішінде тоңазыту бөлмесінде (камерада) температура ауытқуы аймақтарын (салқындату жүйесіне немесе суық ауа ағындарына тікелей жақын аймақтар) алдын ала тестілеу арқылы, оның нәтижелері бойынша құжаттарды ресімдей отырып, температура мен ылғалдылық сақталады. Тестілеу нәтижелері міндетті түрде құжатпен ресімделеді.
Бұйрықтың 21-тармағына сәйкес, Сақтау үй-жайлары ауа температурасын, ылғалдылығын бақылауға арналған тиісті жабдықпен (термометрлермен, гидрометрлермен, ауа температурасы мен ылғалдылығын бақылайтын құралдардың басқа түрлерімен) қамтамасыз етіледі. Жабдық үй-жайлардың ішкі қабырғаларында жылдың суық және жылы мезгілдеріндегі температуралық ауытқу аймақтарын тестілеу нәтижелері бойынша қыздырғыш аспаптардан алысырақ орналастырылады. Жабдықты пайдалану оған қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Бұйрықтың 22-тармағына сәйкес, Сақтау үй-жайларындағы ауа температурасы мен ылғалдылығын бақылауды тексеру кезенділігі кемінде тәулігіне бір рет жүзеге асырылады. Әрбір сақтау үй-жайында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауа температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын есепке алу журналы жүргізіледі.
Бұйрықтың 3 тармағына сәйкес, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау белгілі бір температурада жүзеге асырылады:
терең салқындату -150С-тан төмен;
тоңазытқышта +20С-ден +80С-қа дейін;
салқын жерде +80С-тан +150С-қа дейін;
бөлме температурасында +150С-тан +250С-қа дейін.
Дәрілік заттарды сақтау жағдайларын бақылау немесе мониторингтеу үшін пайдаланылатын жабдықты тексеру, калибрлеу, жөндеу дәрілік заттардың сапасын сақтау және жағымсыз әсерді болдырмау мақсатында жүзеге асырылады.