
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметті лицензиялауды (медициналық қызметке лицензия) жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. Осы ретте, Департаментпен 2026 жылдың I тоқсанында меншік нысанына қарамастан барлық лицензияр болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға лицензиялау саласындағы нормативтік құқықтық актілер бойынша құқықтық оқыту өткізу үшін кеңейтілген семинар өткізу жоспарланғандығын хабарлаймыз. Осыған сәйкес, лицензия алу барысында кездесетін қиындықтар мен түсінбеушіліктерді, сондай-ақ сұрақтарды семинар барысында толық қамту мақсатында Департаменттің e.saipov@dsm.gov.kz электронды поштасына алдын ала сұрақтар мен ұсыныс-пікірлерді 2026 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде жолдау қажет. Семинардың нақты болатын күні, уақыты мен орны қосымша хабарланатын болады.