ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ АЙНАЛЫСЫ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАН СЕРТИФИКАТЫН БЕРУ ТӘРТІБІ

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ АЙНАЛЫСЫ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАН СЕРТИФИКАТЫН БЕРУ ТӘРТІБІ

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ АЙНАЛЫСЫ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАН СЕРТИФИКАТЫН БЕРУ ТӘРТІБІ

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 27-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы маманның тиісті сертификаты болмаса фармацевтикалық практикамен айналысуға тыйым салынады.

Сертификаты жоқ тұлғаның заңсыз фармацевтикалық қызметпен айналысқаны үшін ҚР ӘҚБтК 424-бабының 1-бөлігі бойынша 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделген.

Осыған байланысты фармацевтикалық білімі бар мамандар фармацевтикалық практикамен айналысу үшін маман сертификатын алуы қажет.

Дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» №ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына (2022 жылғы 15 қарашадағы №ҚР ДСМ-134 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен) 3-қосымшамен реттеледі.

Жалғасы: Ақмешіт апталығы сайтынан, 11.12.2025 жылғы жарияланым, https://aqmeshit-aptalygy.kz/densaulyq/daerilik-zattardyng-zhaene-medicinalyq-bujymdardyng-ajnalysy-salasyndaghy-maman-sertifikatyn-berw-taertibi-90885/