«GPP СТАНДАРТТАРЫН ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОНЛАЙН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ

«GPP СТАНДАРТТАРЫН ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОНЛАЙН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ

«GPP СТАНДАРТТАРЫН ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОНЛАЙН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ.

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында Департамент басшының міндетін атқарушы Жақсылық Ж.А. және Департамент мамандары ұйымдастыруымен ZOOM ақпараттық платформасында «GPP стандарттарын енгізу мәселелері» тақырыбында дәріхана ұйымдарының басшылары және өкілдерінің қатысуымен онлайн жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында GPP Стандартын еңгізу мәселелері, дәрілік заттар айналымында GPP талаптарын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Департамент мамандары дәріханалар мен дәрілік қоймалар үшін тиісті фармацевтикалық практика мен дистрибьюторлық стандарттарға сәйкес жұмыс істеу, сондай-ақ GPP сертификатын уақтылы рәсімдеу фармацевтикалық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі талаптардың бірі екендігін атап өтті.

Жиын барысында Департамент мамандары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы таңбалау және дәрілік заттарды нормативтік құқықтық актілерге сәйкес шекті бағаға сай сату, өткізу жайлы дәріханалық ұйымдар өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.