
2025 жылдың 21 қарашасында ZOOM ақпараттық платформасында Департамент басшысы Айтымбетова Ләзат Қанибайқызының қатысуымен, сондай-ақ фармацевтикалық ұйымдардың басшылары мен өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында Департамент басшысы «Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» 2021 жылғы 27 тамыздағы №ҚР ДСМ-94 бұйрығына 08.08.2025 жылғы енгізілген өзгерістерге байланысты шекті бағалардың төмендеуі жөнінде, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайға байланысты дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп отырған тұрақты мониторинг жұмыстары туралы ақпарат берді.
Жиын барысында дәріхана басшылары қазіргі уақытта нарықтағы дәріхана қоймаларының дәрілік заттарды шекті бағадан жоғары бағамен өткізіп отырғаны байқалатынын, барлық дәрілік заттар толық көлемде қолжетімді еместігін, сондай-ақ интернет желісіне қатысты мәселелер бар екенін атап өтті.
Департамент басшысы жоғарыда аталған мәселелер бойынша хат жолдауды ұсынды және оларды шешу үшін қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты дәрілік заттардың қорын құру және оны тұрақты ұстап тұру қажеттілігі де айтылды.
Қызылорда облысы және аудандардағы дәріханаларда вирусқа қарсы препараттар бойынша жағдай тұрақты екені мәлімделді. Сұраныстың күрт өсуі байқалмағаны, ал қысқа мерзімді үзілістер орын алған жағдайда баламалы препараттармен қамтамасыз ету мүмкіндігі болуы керектігі түсіндірілді.