Naqty Onim – дәрілік заттардың түпнұсқалығын тексерудің сенімді құралы 📱
Денсаулыққа қатысты өнімнің сапасы – ең маңызды мәселе. Naqty Onim мобильді қосымшасы дәрілік заттарды сатып алу кезінде тұтынушыға толық, нақты әрі ашық ақпарат алуға мүмкіндік береді.
✔️ Қосымша арқылы сіз:
•дәрілік заттың шығарылған күні мен таңбалануын;
•өнімнің өндірушісі туралы мәліметті;
•жарамдылық мерзімі, партия нөмірі, құрамы;
•тіркеу куәлігінің нөмірі, сақтау шарттары мен мерзімін
оңай тексере аласыз.
🔴 Егер дәрілік заттың түпнұсқалылығына күмәндансаңыз немесе қандай да бір бұзушылық байқасаңыз, Naqty Onim қосымшасы арқылы шағымды онлайн түрде бірден жолдай аласыз.
Сонымен қатар, дәрілік заттың сапасы мен түпнұсқаулығы бойынша қандай да бір сұрақтарыңыз болса ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментіне жүгінуге болады.
📞 Байланыс телефоны: 8-72-42-23-40-35
Бұл жүйе тұтынушы құқығын қорғауды жеңілдетіп, нарықтағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді.
✨ Naqty Onim – әрбір азаматтың сапалы әрі қауіпсіз медициналық өнімге қол жеткізуін қамтамасыз ететін ұлттық цифрлық шешім.