Халық саулығына қызмет – мәртебелі міндет

Халық саулығына қызмет – мәртебелі міндет

Мемлекеттік қызмет пен медицина саласы – қоғам дамуының негізін құрайтын маңызды бағыттардың бірі. Бұл салада кәсібилік пен адалдықты қатар алып жүру әр маманнан жоғары жауапкершілік пен табандылықты талап етеді. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген білікті мамандардың қатарында Жақсатова Нұргүл Аманкелдіқызы да бар.

Нұргүл Аманкелдіқызы еңбек жолын 2018 жылы Астана қаласының әкімдігінің «Шипагер» ШЖК МКҚ-да қоғамдық денсаулық сақтау маманы ретінде бастаған. 09.07.2018-15.02.2019 жылдар аралығында ТОО ЦСЗ «Шипагер» Қоғамдық денсаулық сақтау маманы болып қызмет еткен. 01.03.20219-20.09.2021 жж. аралығында корпоративтік фонд «University medical center» Медиицналық және реттеушілік сұрақтар Департаментінің бас маманы (эксперт-дәрігер) болған. 2022 жылдан бастап ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің медициналық қызметтерді бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келеді.

Жақсатова Нұргүл Аманкелдіқызы медициналық бағытпен ұштасқан мемлекеттік құрылымдарда еңбек етіп, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге атсалысты. Өз мамандығына адалдығы мен жауапкершілігінің арқасында тәжірибесін шыңдай түсіп, әріптестері мен қызметтестерінің сеніміне ие болды.

Нұргүл Аманкелдіқызына отбасына амандық және алда еңбек жолында зор табыс, кәсіби шыңдалу мен жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!