Құрметті Қызылордалықтар және қала қонақтары! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құрметті Қызылордалықтар және қала қонақтары! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ескертеді:

Мемлекеттік тіркеуден өтпеген және сапасы расталмаған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдану — денсаулыққа және өмірге айтарлықтай қауіп төндіреді.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 233-бабының 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сапасы расталмаған және денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына сай келмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуге тыйым салынады.

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін:

  • Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тек фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар дәріханалардан ғана сатып алыңыз;
  • Ғаламтор арқылы, маркетплейс (онлайн-сауда) алаңдары арқылы (Kaspi.kz, Satu.kz, Аpteka.kz, Europharma, Pharma.com.kz, i-teka.kz және т.б.) сатып алсаңыз, сатушының лицензиясын тексеріңіз.

Сатушының лицензиясын Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау - elicense.kz порталынан көре аласыз.

Өз денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын қорғаңыз!

 

2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда ДЗ-ды таңбалу жүйесі енгізілді, оның мақсаты – әрбір ДЗ-тың өндірушіден бастап дәріханаға дейінгі, әрі қарай тұтынушыға дейінгі жолын толық бақылау және ашық ету.

Әр дәрі қаптамасына арнайы Data Matrix-код қолданылады. Бұл кодты «Naqty Onim» мобильді қосымшасы арқылы сканерлеу арқылы Сіз:

✔ дәрінің өндірушісін көре аласыз;

✔ дәрінің Қазақстанда ресми тіркелгенін тексере аласыз;

✔ дәрінің қозғалысын біле аласыз;

✔ жарамдылық мерзімі мен сипаттама мәліметтерімен таныса аласыз.

Қалай қолдануға болады?

  1. Қосымшаны ашыңыз.
  2. Дәрі қаптамасындағы Data Matrix кодын (төртбұрышты QR-ға ұқсас) сканерлеңіз.
  3. Экранда өнімнің:
  • атауы     ;
  • өндірушісі;
  • жарамдылық мерзімі;
  • тіркеу деректері туралы ақпарат шығады.

❗ Егер ақпарат шықпаса немесе “өнім табылмады” деп көрсетсе:

  • Бұл дәрі жалған немесе ресми тіркелмеген болуы мүмкін.
  • Мұндай жағдайда қосымша арқылы шағым жіберуге болады.

Денсаулығыңызды қорғаңыз. Дәріні тек дәріханалардан алыңыз!